Банк • 09 Қаңтар, 2024

200 теңгелік банкноталардың тағдыры не болмақ?

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 200 теңгелік банкноталар іс жүзінде айналымнан шығып қалғанын байқауға болады. Ұлттық банк мұндай номиналдағы жаңа банкноталар енді шығарылмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

200 теңгелік банкноталардың тағдыры не болмақ?

Фото: sputnik.kz

«Номиналы 200 теңгелік банкноталарды шығару бойынша Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық Банк бұдан былай номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды шығармайды», деп хабарлады Ұлттық банк. 

Сонымен қатар бұл номиналдағы банкноталар үшін айналымды аяқтаудың белгіленген мерзімі жоқ. Олар табиғи түрде тозғандықтан айналымнан шығады және номиналы 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады.

Айта кетейік, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноталар мен монеталарды айналымға шығару жоспарда жоқ екенін айтты.

Бұған дейін Ұлттық Банк 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарған еді.