Фото: Ашық дереккөз
«2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристердің географиясы жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы бетіндегі мемлекеттердің де саяхташылары көптеп келе бастады. Осы орайда, назарларыңызға 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге саяхаттаған ТОП-5 елдің туристер санын ұсынамыз. 2023 жылдың алғашқы 9 айында еліміз бойынша ең көп саяхатшы – Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді», делінген ақпаратта.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2022 жылы 600 мыңнан аса саяхаттаушы елімізге келгенін, былтырғы жылдың тоғыз айында 800 мыңнан аса турист көрікті мекенімізді тамашалағанын айтты.