Әлем • 09 Қаңтар, 2024

2024 тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

10887 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдардың айтуынша 2023 соңғы сегіз онжылдықтағы ең ыстық жыл ретінде танылды. Алайда 2024 жыл барлық рекордтарды бұзуы мүмкін екен. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

«Температураның жоғарылауы Эль-Ниньо құбылысымен байланысты болады. Бұл экваторлық Тынық мұхитындағы судың беткі қабатының температурасының ауытқуымен байланысты жылыну», дейді мамандар.

2023 жылы Эль-Ниньо зардаптарының бірі Орталық Америкадағы құрғақ ауа райы Панама каналын, Гатунды қоректендіретін негізгі көлдің құрғауына әкелгендігі, салдарынан арнадағы судың деңгейі төмендеп, өткізу қабілеті айтарлықтай төмендегені РБК басылымында аталған.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымды басқаратын метеоролог Петтери Таалас биылғы жыл бұрынғыдан «жылырақ» болатынын, құрғақшылық немесе су тасқыны секілді төтенше оқиғалардың көбейетінін айтқан.

Дүние жүзіндегі температураның бұл көтерілуі планетаны – ғалымдар бірнеше жылдар бойы ескертіп келе жатқан қайтымсыз климаттық өзгерістерге қауіпті түрде жақындатады. Одан әрі жылыну дауыл, құрғақшылық, су тасқыны, орман өрттері сияқты экстремалды ауа райы оқиғаларына әкеледі.