Денсаулық • 09 Қаңтар, 2024

Елімізде ЖРВИ жұқтырған науқастардың саны 2,5 миллионға жуықтады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ЖРВИ жұқтырған науқастардың саны 2,4 миллионнан асқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ЖРВИ жұқтырған науқастардың саны 2,5 миллионға жуықтады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда қазан айында басталып, мамыр айына дейін созылатын ЖРВИ-мен сырқаттанудың кезекті эпидемиялық маусымы жүріп жатыр.

«Ағымдағы эпидемиялық маусымда жіті респираторлық вирустық инфекцияның 2,4 миллион жағдайы тіркелді. Қараша айынан бастап тұмау вирусының айналымы белгіленді. Эпидемия басталғаннан бері зертханалық расталған тұмаудың 935 жағдайы тіркелді, оның 85%-ы А тұмауы, 15%-ы В тұмауы», деді министр Үкімет отырысында.

Өткен жылы қауіпті топтағы 2 миллион 400 мың адам тұмауға қарсы егілді, бұл ел халқының 12 пайызын құрайды.

Осы тұста эпидемия маусымының басынан бері стационарларда 31 мыңнан астам науқас емделгенін айта кету керек. Ел бойынша барлығы 10 мыңға жуық жұқпалы ауру төсектері орналастырылды, оның ішінде үш мыңға жуық балалар төсектері де бар.