Қоғам • 09 Қаңтар, 2024

Баққаны – жылқы, шеккені – есірткі

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері Жамбыл облысы Байзақ ауданында есірткі  заттарын заңсыз сақтады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Баққаны – жылқы, шеккені  – есірткі

Фото: polisia.kz

25 жастағы тұрғын өзі малшы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығына  жақын маңда ірі көлемде  есірткі жасырған.

«Аумақты тексеру  барысында  пакеттерге салынған 2,8 келі кептірілген марихуананы жасырған орын табылды.  Күдікті  тиым салынған затты  өзі тұтыну үшін жинағанын айтты.  Сараптама  қорытындысы бойынша  ер адам ұсталған сәтте есірткіге мас  күйде болды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады.  Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды», деді  Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.