Қоғам • 09 Қаңтар, 2024

Әйелін соққыға жыққан әнші ескерту алды

6114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2000 жылдары танымал болған әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін ескерту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелін соққыға жыққан әнші ескерту алды

Фото: Instagram / Rakhat_Turlykhanov

Бүгін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарады.

Іс материалдарынан 2023 жылғы желтоқсан айында Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққаны анықталды.

Сот отырысы барысында Тұрлыханов өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінгенін алға тартты. Тиісінше қос тарап татуласқаны белгілі болды. Бұны әйелі де растады.

Заң талабына сәйкес, дәлірек айтқанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы (1-1 б.) бойынша жауапты тұлғаға ескерту жасалады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Тұрлыханов сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту берілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.