Бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері бақ сынаған жарысқа Қазақстаннан аутистік спектр ерекшелігі бар параатлет Дастан Ордабай ұсынылды. Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санат бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium) қатысты. Нәтижесінде, аталған қашықтықтан алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады.
«Дастан Ордабай өз еліне екі алтын жеңіп, тұңғыш азиялық аутист спортшы атанып, Қазақстан тарихына есімін қалдырды», деп атап өтті Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.