Күрес • 10 Қаңтар, 2024

Балуандар бәсекесі

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы өтетін рейтингілік турнирлер кестесін жариялады.

Балуандар бәсекесі

Алғашқы рейтингілік жарыс 10-14 қаңтар күндері Хорватияда өтеді. «Zagreb Open» додасына қазақ балуаны Азамат Дәулетбеков бастаған бірқатар балуан қаты­сады. А.Дәулетбеков 2022, 2023 жылдары өткен әлем чемпионатында қола алған. Ал Азия чемпионатында 2022, 2023 жылдардары жеңіс тұғырына көтерілсе, 2017 жылы күміс, 2018 жылы қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Загребтегі жарыста әйелдер күресінен Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг) бозкілемге шығады. Ал 6-9 маусым күндері Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйым­дастырылады. Бұған қоса 11-16 сәуір ара­лығында балуан­дар Бішкекте өтетін жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі.