Фото: Ашық дереккөз
«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 7 облыстың республикалық маңызы бар автожолдарының 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында – 1 учаске: «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП – Қарағанды облысының шекарасына дейін 61 км жол жабылды.
Ақтөбе облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз а. - Қызылорда облысы шекарасына дейін – 87 км жол жабық.
Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы – 100 км жол жабылып отыр.
Қостанай облысында – 1 учаске: «Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау облысы шекарасына дейін – Арқалық қаласы – 82 км қашықтық бойынша жол қозғалысына тыйым салынды.
Қызылорда облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 1240-1657 км, Ақтөбе облысы шекарасына дейін - Жосалы а. – 417 км жол жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске: «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а. - Қиялы а. – 129 км жол жабық.
Қарағанды облысында – 3 учаскесінде жол жабылды:
1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а. - Новостройка а. – 16 км.
2. «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасына дейін-Теміртау ААП – 73 км.
3. «Екатеринбург - Алматы» 1426-1446 км, Теміртау ААП – Теміртау қаласы – 20 км.
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 706 бірлік техника және 1355 жолшы жұмылдырылған.