Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

«Астана - Шымкент» пойызы жарты жолда бұзылып қалды

1750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушыларды тасымалдау» қызметі «Астана - Шымкент» бағытындағы пойыз бұзылып қалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Астана - Шымкент» пойызы жарты жолда бұзылып қалды

«10 қаңтарда Сары-Шаған-Шу учаскесінде №85/86 пойыз техникалық себептерге байланысты тоқтап қалды. Осыған байланысты Шу стансасында аталған вагондарға қызмет көрсетуге жауапты «Патентес Талго» компаниясы тиісті техникалық жұмысты істейді», деп түсіндірді «Жолаушыларды тасымалдау» қызметі.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға Талго вагондарынан құрылған №1/2 «Алматы 2 – Ташкент» пойызына ауысуды ұсынды. Ауыстырылған пойызға бірінші кезекте әйелдер, балалар және транзиттік жолаушылар мінеді. Жолаушыларға тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Компания діттеген мекен жайына уақытылы жетпеген жолаушылардың билет бағасы қайтарылып, өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15