Аталған дода 12-22 қаңтар аралығында өтеді. Мұнда Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Яғни әр жаттығу түрінде екі жолдамадан беріледі. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы да жолдамаға таласады. Атап айтсақ, скит бағдарламасында – Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко, Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедалиев, Илья Пенков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев; трап бағдарламасында – Айжан Досмағамбетова, Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлішер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев бақ сынайды.
Жалпы, чемпионатқа 40 мемлекеттен 500-ден аса мерген қатысады. Жарысты Халықаралық нысана көздеу федерациясы тікелей эфирде көрсетеді.