Спорт • 11 Қаңтар, 2024

Мергендерге – мүмкіндік

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейт астанасында стенд атудан Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынатын Азия чемпионатына қатысатын еліміз ұлттық құрамасы белгілі болды.

Мергендерге – мүмкіндік

Аталған дода 12-22 қаңтар аралығында өтеді. Мұнда Париж Олимпиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Яғни әр жаттығу түрінде екі жолдамадан бе­ріледі. Бұл жарыста Қазақстан құра­масы да жол­дамаға таласады. Атап айтсақ, скит бағ­дарламасында – Әсем Орын­бай, Ольга Панарина, Зоя Крав­ченко, Эдуард Ещенко, Александр Ещен­ко, Алек­сандр Муха­медалиев, Илья Пен­ков, Максим Почивалов, Ратмир Ени­кеев; трап бағдарламасында – Айжан Дос­мағамбетова, Мария Дмитриенко, Анас­­тасия Прилепина, Максим Бедарев, Әлі­шер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Бог­дан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев бақ сынайды.

Жалпы, чемпионатқа 40 мемлекеттен 500-ден аса мерген қатысады. Жарысты Халықаралық нысана көздеу федерациясы тікелей эфирде көрсетеді.