Бокс • 11 Қаңтар, 2024

Ең бай боксшылар

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чем­пионы, отандасымыз Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ең бай спортшылар қатарынан көрінді.

Ең бай боксшылар

«Wealthy Gorilla» басылымының хабарлауынша, GGG-дің жиғаны – 30 млн доллар. Осылайша, Головкин «ең бай 50 боксшының» тізімінде 20-орынға жайғасқан.

Бай боксшылардың көш басында америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезер тұр. Оның байлығы – 450 млн доллар. Екінші орында әйгілі Джордж Форман (300 млн), ал үшінші орынға Мэнни Пакьяо (200 млн) жайғасқан. Бұдан кейінгі қатарда Оскар Де Ла Хойя (200 млн), Сауль Альварес (180 млн), Леннокс Льюис (140 млн), Шугар Рэй Лео­нард (120 млн), Владимир Кличко (90 млн), Энтони Джошуа (80 млн), Виталий Кличко (80 млн) бар.