Теннис • 11 Қаңтар, 2024

Аустралиядағы жеңісті жорық

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Аустралияда теннистен өтіп жатқан дүркін-дүркін турнирлерде отандастарымыз жақсы өнер көрсетіп жатыр.

Аустралиядағы жеңісті жорық

Атап айтқанда, еліміздің бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Аделаиде ATP 250 турнирінде ширек фи­налға шықты. Ол алғашқы кездесуін дүние­жүзілік рейтингіде 278-орында тұрған аустралиялық Джеймс Маккейбпен өткізіп, айқын басымдық танытты – 6:2, 6:3. Ал екінші матчында британиялық Дэниел Эванспен жолығып, ойын тағдыры үш сетте шешілді. Сөйтіп, 4:6, 6:2, 6:1 есебімен А.Бублик жеңді.

Сондай-ақ еліміздің жұптық сын­дағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов те Аделаиде ATP 250 тур­нирінің ширек финалына шықты. Ол эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландтық Жан-Жюльен Ройермен кездесті. Есеп – 6:4, 6:4.

Тағы бір отандасымыз Бейбіт Жұқаев Аустралия ашық чемпионатының ірік­теу сайысын жеңіспен бастады. Ол ірік­теу сайыстарының ширек финалында дү­ниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикерді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024