Спорт • 11 Қаңтар, 2024

Азамат Дәулетбеков – күміс жүлдегер

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Хорватияның Загреб қаласында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Азамат Дәулетбеков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азамат Дәулетбеков – күміс жүлдегер

Фото: baq.kz

86 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков алдымен  Израиль балуанын айқын басымдықпен ұтты, одан кейін үндістандық қарсыласын жықты. Ширек финалда Украина балуанын еңсерді. Жартылай финалда грузинді жеңгенімен, алтын медаль үшін тартыста тегі дағыстандық Болгария балуаны Магомед Рамазановқа есе жіберді.

Загреб турнирінде қыздар да күреске түседі. Елімізден бұл додаға Азаматтан сырт  Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Эльмира Сыздықова  (76 кг) қатысып, күшін сынамақ.