Фото: gov.kz
«Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірімізде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған. Бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған», делінген әкімдік хабарламасында.
Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.
Биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деген жоспар бар.