Фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images
Президент ұсынысын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды.
«Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы сот судьялары Ақылтай Қасимовты, Альфия Сабинованы және Айгүл Саппарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Исмаиловты басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын енгізуді сұраймыз», деді ол.
А.Сабинова мен А.Саппарова зейнеткерлік жасқа жетті, ал А.Қасимов судьялық қызметте болудың шекті жасы – 67 жасқа толды.
Ербол Исмаилов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы лауазымына тағайындалды.