Спорт • 12 Қаңтар, 2024

Азамат – күміс жүлдегер

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен ұлттық құрама көш­басшысы Азамат Дәулетбеков Хор­ватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Zagreb Open рейтингілік тур­нирінде күміс жүлдегер атанды.

Азамат – күміс жүлдегер

ФОТО: halyq-uni.kz

86 кг салмақ дәрежесінде белдес­кен балуанымыз алдымен үндістандық Дипак Пунияны 6:2 есебімен қапы қал­дырды. Бұл қарсыласы – 2019 жылғы əлем чем­пионатының күміс жүлдегері атан­ған тәжірибелі балуан. Одан кейін Аза­мат украиндық Валентин Бабий мен грузиялық Евсем Швелидзені тізе бүктіріп, финалға жолдама алды. Ал финалда бабы келіскенімен, бағы жанбай, Болгария атынан сынға түсіп жүрген ресейлік Магомед Рамазановқа 5:8 есебімен есе жіберді. Сөй­тіп, күміс жүлдені мойнына ілді. Осы орайда Азаматтың былтыр Сербия астанасы Бел­­градта өткен əлем чемпионатында қола жүл­­деге ие болып, Париж Олимпиадасының жол­­дамасына қол жеткізгенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар рейтингілік бəсекеде қыздарымыз да ел намысын қорғайды. Атап айсақ, Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) күш сынасады.