Теннис • 12 Қаңтар, 2024

AТP турнирі Алматыға ауысты

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (AТP) алғаш рет Астанадан Алматыға ATP 250 турнирін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

AТP турнирі Алматыға ауысты

АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open 2024 жылдың 13-20 қазан аралығында өтеді. «Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр. Almaty Open тек ауқымды спорттық іс-шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағын думанға бөлеп, ерекше көңіл күй мен күш-қуат сыйлайды деп үміттенеміз», деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті.

ATP 250 жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғасының бірі. Аталған санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP турнирінің жүлде қоры 1 млн доллардан асады.