Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024

10 күнде 12 адам қаза болды

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты көбейіп тұр. Қаңтардың алғашқы онкүндігінде өңірде 11 жол апаты болып, 12 адам қаза тапса, 21 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.

10 күнде 12 адам қаза болды

Осы оқиғаға орай облыс­тық Полиция департа­мен­тінің басшысы, поли­ция пол­ков­нигі Арман Ораза­лиев шұғыл баспасөз-конфе­рен­ция­сын өт­кіз­­ді.

«Облыста жол қауіпсіздігі бойынша төтенше жағдай болып тұр», деп мәлімдеді полиция бастығы. Мұндай жағдай кейінгі 5 жылда болмаған. Салыстыру үшін айтсақ, 10 күн ішінде болған жол-көлік оқи­ғалары өткен жылдың 2 айы­­ның көрсеткішімен теңесіп отыр.

5 қаңтарда Орал қаласына іргелес жатқан Ветелки ауы­лын­да автокөлікке сүй­рет­пе­ тіркеп сырғанап, тір­ке­­ме­де­ отырған 17 жастағы бой­­­­жет­­­­­­кен қаза тапты. Ал 6 қаң­­­­­­тарда Орал қаласында «Окру­­ж­ное шоссе» айналма жо­лында 3 автокөлік соқ­ты­ғысып, 1 адам қайтыс бол­ды. Келесі күні «Орал-Аты­рау» республикалық маңызы бар автожолының 62-шақырымында «Шевроле Нек­сия» автокөлігінің жүр­гі­зу­шісі қарсы келе жатқан «Тойота Ипсум» маркілі авто­көлікке соқты­ғысып, сал­дарынан 3 адам дүние салды, 8 адам дене жарақатын алды.

Сол күні «Қазталов-Жәнібек» автожолында «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан «Шевроле Лачети» автокөлігімен соқтығысып, 1 адам қаза тапты. «Бұл жол апатының барлығы жүр­гізушілердің қарсы жо­лаққа шығып кетуінен болған, оған дәлел бейне­жазбалары бар», дейді А.Ора­залиев.

Тағы бір жол апаты­ 9 қаң­­тар күні «Чапай-Жаңа­қала-Сайхын» ­облыстық ма­ңызы бар тас жолының 103-шақырымында тіркелді. Жантүршігерлік апат салдарынан 5 адам қаза тапты. Бір отбасы мүшелерінің өмірі қиылды. Бір кішкентай сәби дене жарақатын алып, аурухананың жансақтау бөлі­мінде жатыр.

«Бұл жерде де жүргізуші қарсы жолаққа шығып, қарсы келе жатқан көлікке соқтығысқан. Оның үстіне, автокөлік жазғы дөңгелегін ауыстырмаған», дейді полиция басшысы.

Облыс аумағындағы бар­лық республикалық ма­ңы­зы бар автожолдар­да пат­рульдік полиция қыз­мет­кер­лері жүреді. Жүргі­зу­ші­лердің көпшілігі патрульдік авто­көлікті көрген кезде жыл­дамдықты азайтып, жол ере­жесін сақтайды. Ал одан өті­сімен «тізгінді жіберіп» ала­тыны өтірік емес. Сонда жол қауіпсіздігі кім үшін керек?! Полиция әр шақырым са­йын патруль қоя алмайды. Жолда жүру мәдениетін қа­лай­ қалыптастырамыз? Міне, бұл үлкен мәселе болып тұр.

Батыс Қазақстан облы­сында республикалық ма­ңы­зы бар автожолдарға күн­делікті 47 патрульдік автокөлік шығады екен. Олар барынша жол қауіп­сіз­­дігін қамтамасыз етеді. Мұның ішінде автоматты режімде жұмыс істейтін 3 «Кибершериф» жүйесі бар. А.Оразалиев биыл тағы осындай 17 көлік алуды жос­пар­лап отырғанын жеткізді.

Өңірде орта есеппен күнделікті 100-150 әкімшілік хаттама толтырылып, 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. 2023 жылы облыста 445 жол-көлік оқиғасы болып, оның салдарынан 107 адам қаза тапқан. 540 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

 

Батыс Қазақстан облысы