Топтың ғана емес, турнирдің үздіктерінің қатарында болады деп күтілген Өзбекстан ойыншылары бұл жолы Сирия құрамасынан үш ұпай ала алмады. Қос таймда ойын тізгіні өзбекстандықтарда болғанымен, матч соңына дейін есеп ашылған жоқ. Қарымта шабуылда сириялықтар да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Бұл топта қос командадан бөлек, Аустралия мен Үндістан құрамалары бар. Топта бірінші және екінші орынмен шыққан командалар плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады. «В» тобында турнирдің тағы бір айқын фавориті Аустралия құрамасы екенін ескерсек, топтан екінші орынмен шыққанның өзі өзге командаларға үлкен олжа болғалы тұр.