Қоғам • 15 Қаңтар, 2024

Президент: Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнатылуы қажет

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай  Алматы қаласында ас берілді.

Президент: Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнатылуы қажет

Фото: qazaquni.kz

Қайраткердің рухына бағышталған  құранға қатысушылар Заманбек Қалабайұлының елге сіңірген еңбегін айтты.  Президент кеңесшісі –  Баспасөз  хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  хатын оқыды.

«Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің  туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы - осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру - ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері - Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын.  «Тарих – таразы»  деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды», делінген Президенттің хатында.