Ауа райы • 15 Қаңтар, 2024

Аяз - 33 градусқа дейін күшейеді

2064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 16-18 қаңтар аралығында ел аумағында ауа райы аязды болатынын мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Аяз - 33 градусқа дейін күшейеді

Фото: метеожурнал

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде аязды ауа райы сақталатынын жеткізді. 

Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, қар жауып,  ауа райы тұрақсыз болады. 16-18 қаңтар аралығында боранды жел соғады.

Ал өзге өңірлерде аязды ауа райы сақталады. 

«Негізгі температуралық фон Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде 25-33, күндіз 15-23 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 аяз, ал батыста түнде 8-18 аязға дейін, күндіз  3-15 аязға дейін болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Мекеменің 10 күндік болжамын бақсақ, еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында аязды температура тек бір аптадан кейін басыла бастайды. Температуралық көрсеткіш 14-16, 6-9 градусқа дейін төмендейді.