Фото: Agence France Press/видеодан скриншот
The Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Флорес аралындағы Левотоби Лаки-лаки жанартауының атқылауына байланысты Индонезияда 6,5 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Бірнеше күннен бері таудың кратерінен сұр-қоңыр күлдің қалың бағанасы көтеріліп жатыр. Әзірге атқылаудың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Флорес аралында жанартау белсенділігінің күшеюі бірнеше аптаға созылған. Жергілікті билік жоғары деңгейде төтенше жағдай жариялап, тұрғындарға жанартаудан төрт-бес шақырымдай қашықта жүру ұсынылды. Айналадағы елді-мекен тұрғындары туыстарының үйінен және уақытша эвакуациялау орталықтарынан баспана тапты.
Айта кетейік, Индонезия жанартау белсенділігі жоғарылаған Тынық мұхиттық өрт сақинасында орналасқан. 270 миллион халқы бар елде 120 белсенді жанартау бар. Индонезияда да жер сілкінісі жиі болып тұрады.
Қаңтар айының басында Индонезияның Суматра аралында Марапи жанартауы қайтадан оянды. Ол желтоқсан айында атқылап, 23 адамның өмірін қиды.