Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024

Жетісу облысында 34 жастағы депутат кісі қолынан көз жұмды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап кетке, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жетісу облысында 34 жастағы депутат кісі қолынан көз жұмды

Депутат оқиға орында көз жұмды. Полицияның мәліметінше, 15 қаңтар күні сағат 15:25-те полицияға Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде алкогольдік мас күйдегі ер адамның жұмысшыларға тисіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері келген соң, күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын жұмысшыларға араша түскен 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салып, кейін оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жәбірленуші оқиға орында көз жұмды.

Көз жұмған адамның Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов екені анқыталды.

- Қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды, – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.