Қоғам • 16 Қаңтар, 2024

Мас жүрген 300 жолаушы анықталды – полиция

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Мас жүрген 300 жолаушы анықталды – полиция

Фото: polisia.kz

«Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балағат сөздер, қоқыс, мас күйінде жол жүру және темекі шегу сынды қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылды. Операцияның бес күнінде полицейлер 1,2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру – 2, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 325, белгіленбеген орындарда темекі шегу – 90, оның ішінде автобус жүргізушілері – 27, ұсақ бұзақылық – 51, қоғамдық орындарды ластау – 359, автобустарда және аялдамаларда тиісу – 431. Мысалы, Щучинск және Тараз қалаларында адамдардың ескертулерін елемеген мас жолаушылар ұсталды. Ер адамдар екі жағдайда да маршруттық автобустарда шу шығарған. Олардың әрқайсысына қатысты қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Павлодар облысында тәртіп сақшылары автобус терезесінен қоқыс тастаған жолаушыны жауапқа тартты. Құқық бұзушыға қатысты жалпы пайдаланымдағы орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Полиция қызметкерлері рейд барысында қоғамдық көліктің жұмысына мыңға жуық жасырын тексеру жүргізді, соның нәтижесінде 337 бұзушылық анықталды. Операция барысында ішкі істер органдарының 4,6 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды», делінген ақпаратта.

Республикалық алдын алу іс-шарасына жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар да қатысып, қол ұшын созды.