Медицина • 16 Қаңтар, 2024

Дәрігерлердің қайырымдылығы

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балалар арасындағы фар­ма­ко­ре­зис­тентті эпилеп­сия – жүйке жүйесі ауру­ла­рының кең тара­ған түрі. Бүгінде бұл дерт­ке ем ре­тінде жаңа ем-дом түрле­рі қолда­нылады. Яғни препараттар, стимуляторлар, арнайы диета да әзірленді. Алайда эпилепсияның дәріге басылмайтын түрі болса, дәрігерлер арнайы операция жасайды.

Дәрігерлердің қайырымдылығы

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өткен жылы облыстық балалар кли­ни­калық ауруханасында дәп осындай 10 операция жасалыпты. Оның әрқай­сысы­ның құны 10 миллион теңгеге жуық.

Кезбе жүйкесіне стимулятор қою – ең күрделі операция. Мұндай операцияны облыстық клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлері 2020 жылдан бас­тап жасап келеді. Стимулятор 5 жыл­ға орнатылады, одан кейін батареяны ауыс­тыру қажет.

– Операция барысында екі тілік жасалады. Біреуінен кезбе жүйкесі шы­ғарылып, оған арнайы электрод жал­ғанады. Ол екінші тілікке дейін созы­лып, кеуде қуысына бекітіле­ді. Со­сын терінің астына аппарат салынады. Операция кезінде оның жұмы­сы тексеріледі, – дей­ді аурухана­ның нейрохирург-дәрігері Руслан Хаутиев.  2021 жылы төрт науқасқа, одан кейін­гі жылы алты балаға, биыл он бала­ға операция жасадық. Жоспарлы опера­цияның құны 9,5 млн теңгеден асады. Мұны әлеуметтік медициналық сақтан­­дыру қоры төлейді. Бұл – ата-ана­лар­ға қаржылық көмек қана емес, науқас балалардың қалыпты өмір сүруі үшін үлкен қолдау.

Стимулятор орнатылған ал­ғаш­қ­ы пациенттердің бірі 14 жастағы қара­ғандылық болды. Ол екі жасынан эпи­лепсиямен ауыр­ған. Дәрі-дәрмек­пен жүргі­зілген ем де талманы баса алма­ған. Қыздың анасының ай­туынша, эпилепсиялық ұстама тәу­лігіне 90 ретке дейін қайталаған сәттері де
болған.

«Қызыма аппарат қойылған­нан бері екі жылдан аса уақыт өтті. Қазір ол өзін жақсы сезіне­ді. Операциядан соң 8 айдан кейін ба­ла­­ның белсенділігі артқанын, есте сақтауы мен сабақ үл­герімі жақ­­сар­ғанын аңғардық. Құ­рыл­­ғы оны мүлдем мазаламайды. Опе­­рация­ға дейін бір айдай тек­серіл­дік. Сти­мулятор қойға­нымызға еш өкін­­­бейміз», дейді науқастың анасы.

 

Қарағанды облысы