Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

«Мұратыңа жет»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласын отандастары құттықтап жатыр

22811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 20 жыл бұрын бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің туған күні. Ол 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын ол бүгін 22 жасқа толып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Мұратыңа жет»: Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласын отандастары құттықтап жатыр

Фото: Instagram muratsaveliev

Жәнібектің төл мерекесіне орай «Бармысың, бауырым» хабарының редакциясы құттықтап, тілек білдірді.

«Жәнібек! Туған күніңмен, бауырым! Бақытты бол! Арман мақсатың орындалсын, мұратыңа жет! Біз сені жақсы көреміз», деп құттықтады «Бармысың, бауырым» хабарының редакторы Әсел Асқарқызы.

Еске салайық, Жәнібек желтоқсан айында туған анасын іздеп Қазақстанға келген еді. Бұл туралы ҚР СІМ жанындағы «Отандастар қорының» вице-президенті қызметін атқарған Олжас Беркінбаев желідегі парақшасында жариялап, ел халқынан Жәнібектің ата-анасын тауып беруге қолғабыс жасауды сұраған болатын.

Оның оқиғасына «Бармысың, бауырым» хабары редакциясы білек түре атсалысып жатыр. Жәнібек Арқалыққа да арнайы барып, ата-анасын іздеді. Қазіргі таңда Жәнібектің әкесі, анасы болуы мүмкін азаматтар ДНҚ сараптамасын тапсырып жатыр. 

Ал хабар редакциясы жақында ғана бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.