Фото: Астана қаласының әкімдігі
Жеті қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.
Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:
- Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.
- Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.
Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200 м жүгіруде Гауһар лигасы финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай-ақ 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.