Өнер • 17 Қаңтар, 2024

Алаш – комикс тілінде

223 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінгідей озық техноло­гияның заманында қай салада да ілкімді жаңалықтар ілгерілеп келеді. Өнерде де шектеу, шекара жоқ. Мәселен, жуырда әлеу­меттік желіден аниме (жа­пон мультипликация­сы) стилінде салынған Әли­хан Бөкейханды кө­ріп қалдым. Елең етіп, автор­дың парақшасына кірсем, басқа да тұлғалар мен ақындар образда­ры жаңа формада бейне­леніпті. Қаралымы да жақсы. Демек Алаш қай­раткерлерінің тың сипат­тағы бейнелері халықтың көңілінен шыққаны анық.

Алаш – комикс тілінде

Жас суретші Аружан Ұнар­­бекова әлеуметтік же­­ліде аниме стиліндегі ерекше туындыларымен та­­нымал. Әсіресе иллюс­тра­тордың ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бей­нелен­ген стикерлері елдің есін­де болар. Иә, бала-қиял­­дың аспаны шексіз. Ару­жанның қылқаламға деген қызығушылығын жапон комикстері оятқан. Қа­зіргі уақыттың, әсіресе шы­ғар­машыл жан­дарға игілігі көп. Ашық алаң­да кез келген шебер өз туын­дысын ұсына алады. Жас таланттың атын шығарып, атағын алыс-жа­қын шетелге жеткізген де осы әлеу­меттік желі екен.

вап

– Бірде TikTok-қа қы­зықты видео салайын деп, суреттерімнің бірін жарияладым. Аудитория ұнатты. Артынан тағы бір видео шығардым, ол да көптің кө­ңілінен шықты. Тапсырыстар түсіп, табыс таба баста­дым. Бірде Мемлекет басшы­сы­ның суретін салдым. Ха­лық жақсы қабылдады, 2 миллионға жуық қаралым жи­нады. Таңғалып, баға бергендер де көп болды», – дейді Аружан бір сұхбатында.

Жас суретшінің ерек­шелігі – тарихи тұлғалар­дың образы заманауи стильде салынған. Қоғамға да жат­танды бейнелер әсер ете қоймайтыны шын. Сон­дықтан Аружан Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекет бас­­шысы ретінде емес, қа­­ра­пайым адам ретінде, жас­­­тардың талғамына сай ұсынады.

вар

Президенттің суретімен сти­керлер жасап шығару идея­сы да халыққа ерекше ұна­ды. Стикердегі Мем­лекет басшы­сының цитаталарын Аружан интернеттен өзі іздеп тауып, таң­дап пайдаланған. Дайын жұ­мысты халыққа көрсетуге Пре­зиденттің теле­радио­кешені көмектескен.

Кейінгі уақытта Алаш қай­рат­керлерінің заманауи бейнесі әлеуметтік желілерде жиі таралып жүр. Тау-тұлғалар образы Аружанның шығармашылығында да ерекше мәнге ие. Суретші Абы­­лай ханның, Әлихан Бөкей­хан­ның, Ілияс Жан­сү­гі­ровтің, Дінмұхамед Қо­наевтың образдарын аниме стилінде салды.

«Мақсатым – батырларымызды елдің есіне салу еді. Жас буын оларды ұмыт­паса екен деймін. Барлық үйдің қабырғасында Әли­хан Бөкейхан бейне­ленсе ғой деген ой болды. Тари­хи тұлғалардың обра­зын қат­ты өзгерткен жоқпын. Жұ­мысым ұнады, қызығушылық таныт­қандар болды», дейді суретші.

имс

Айта кетейік, Аружан Ұнар­­бекова «Тасқын» ани­­­ма­циялық студиясында еңбек етті. Жас дарын күй­ші Құрманғазы туралы мультфильмді жасауға ат­са­лысқан. Кейіп­керлердің суретін салып, кә­сіби су­ретшілерден сабақ алып, тә­жірибе жинаған. Оның пікі­рінше, елімізде қазақ анимациясы қарқынды дамып келеді.

Сурет өнерінде түрлі экспе­рименттерге барып, өз стилін қалыптастырған жас таланттың туындылары елімізде ғана емес, шетелдерде де сұранысқа ие. Бала кезінен үйір болған сүйік­ті ісінен бүгінде табыс та тауып жүр. Әсіресе АҚШ-тан тап­сырыс берушілер көп екен. Араб жазушысы Аружанға кіта­бына комикс салуды ұсынған. Шығармашылықта өз жолын тапқан жас су­ретшінің қыл­қаламы ұлттық бояу­дан арылмақ емес. Ал­да­ғы уақытта да қазақ­тың діңгегіне айналған зия­лы­ларды заманауи сипатта бей­нелеуді жоспарлап отыр. Ав­тор­дың шеберлігі уақытпен бірге шың­дала түсіп, өнердегі тақы­ры­бы да, тынысы да кеңейетіні сөзсіз.