Бокс • 18 Қаңтар, 2024

«Чемпиондар түні» нокаутпен құлаған Асланбектің ахуалы қалай? Мырзағали Айтжанов айтып берді

12070 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 15 желтоқсанында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Астанада «Чемпиондар түнін» өткізді. Осы бәсекеде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалып, мексикалық қарсыласына есе жіберген еді. 71 келіде ел намысын қорғап жүрген боксшының сол жеңілістен кейінгі жағдайын бас бапкер Мырзағали Айтжанов Egemen.kz тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлына берген сұхбатында баяндап берді.

«Чемпиондар түні» нокаутпен құлаған Асланбектің ахуалы қалай? Мырзағали Айтжанов айтып берді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Мырзағали Айтжанов өткен жылдың қаңтар айында бокстан Қазақстан құрамасының тізгінін екінші рет қайта ұстады.

Қазіргі таңда ұлттық құрама Париж Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирлерге қызу дайындық үстінде.  Egemen.kz тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлы жігіттердің жаттығудағы жайымен бірге, мексикалық қарсыласы Хосе Мигель Боррегодан нокаутпен жеңілген капитан Асланбек Шымбергеновтің ахуалын, денсаулығы мен алдағы сындарға дайындығын сұрады. 

«Асланбек мінезді боксшы, қатарға қосылып жаттығуын жасап жүр. Нокаут дегенде тура тиген соққыдан құлады. Анау айтқандай қатерлі жарақат емес, медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлердің бақылауында болып ем-домын алды. Қазір бабында,  лицензиялық турнирге әзірлік жүргізіп жатыр», деп жауап берді Мырзағали Айтжанов.