Өнер • 18 Қаңтар, 2024

Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән айтады

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен дуэт болып ән орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән айтады

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қазақстанның халық әртісі маэстромен суретін жариялап, премьера күнін мәлімдеді.

Әннің премьерасы ертең өтеді, өнер иесі перфомансты жазу барысында түсірілген фотосуретті көрсетті. Димаш сонымен бірге Доминго екеуі дуэт ретінде қандай шығарма орындағанын айтты.

- Ертең ХХ ғасырдың үздік дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуміз орындаған 1863 жылғы Жорж Бизенің The pearl Fishers операсынан туынды орындаймыз, - деп жазды испандық опера әншісімен бірлескен фотосуреттің сипаттамасында Димаш Құдайберген.