Жануарлар • 19 Қаңтар, 2024

Ақ аю, Амур жолбарысы...

600 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы хайуанаттар бағы үшін жаңа жыл айрықша жаңалықпен басталды. Қаланың Мәдениет басқармасы зообақ жаңа жануарлармен толыққанын хабарлады. Олар ақ кірекей (аю), зебра, Амур жолбарысы, ұрғашы шимпанзе және қызғылт қоқиқаз.

Ақ аю, Амур жолбарысы...

Басқарма басшысы Ғани Майлы­баевтың айтуынша, 2023 жылы хайуанаттар ба­ғындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Олардың арасында көгілдір қой, Шетленд пониінің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жа­пон тырнасы, тау қазы, афри­калық улы сұр жылан, шығыс колобусы және т.б. бар.

аю

Әсіресе мұндағы «Пурга» атты ақ кірекей көптің назарын аударған. Қазір ол 6 жас­та, екі бассейні бар жарты гектарға жуық кең қоршауда тұрады.

«Біз бұл оқиғаны ұзақ күттік. Ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу ту­ралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін ал­дық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен «Пур­ганың» жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», дейді Ғани Майлыбаев.

н

Мәселен, былтыр зообақта бегемот төлдеді. Бұл соңғы 18 жылда болмаған жайт. Сон­дай-ақ хайуанаттар бағы­ның тарихында алғаш рет шығыс колобусынан төл алын­ғаны да – маңызды оқиғаның бірі.

«Бүгінде Алматы хайуанаттар бағына келушілерге ұнаған «Паша» дейтін еркек шимпанзе өткен жылы «Лола» атты жұбын тапты, ол да «Пургу» сияқты Мәскеуден әкелінген. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйренісіп кетті. Дәл осындай Амур жолбарысына да жұп таңдалды», дейді хайуанаттар паркінің мамандары.

Сонымен қатар хайуанаттар бағы Грант зебраларымен толығып отыр. Олар піл, сусиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құ­рылысы басталатын «Афри­ка саваннасын» мекен­дейтін болады.

Бүгінгі таңда Алматы хайуанаттар бағында 3 900-ге жуық жануар бар. Үлкен құр­лықтың үздік төрт­­тігі сана­латын азия­лық піл, бе­ге­мот, Оңтүстіктің ақ мүйіз­­­тұмсығы мен Оңтүстік Африка керігі кө­рермендер айрықша назар қойып тамашалайтын жануарлар қата­рында. Сонымен бірге ақиық, тазқара, қарақұс, бүркіт, ител­гі, дала қыраны се­­кілді Қы­зыл кітапқа енген си­­рек құстардың балапандары кіш­­­кентай келушілерді ын­тық­тыра түседі.

Айтпақшы, былтыр хайуа­нат­­тар бағының ма­ман­­­­дары Райымбек ауданы Са­рыбастау ауылының ма­ңында әлсіреген еркек қар ба­рысын құтқарды. Үш айға жуық емдеуден және күтім­нен кейін жануар Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағына жіберілді.

 

АЛМАТЫ