Бокс • 22 Қаңтар, 2024

Мажарстаннан – бес алтын

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының боксшылары Дебре­ценде (Мажарстан) Иштван Боч­­кайды еске алуға арналған халық­аралық турнирде бес алтын алды. Финалда тоғыз боксшымыз өнер көрсетті.

Мажарстаннан – бес алтын

Атап айтқанда, Асхат Жүсіпов 48 килоға дейінгі салмақта украиналық Андрей Тиш­ковечті басым дауыспен жеңді. Сондай-ақ Асылжан Серікбай (57 кг) мажарстандық Роланд Верешті, Бибарыс Жексен (60 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов (63,5) Ричард Ковачты басым дауыспен ұтты. Ерасыл Жакпековтің (80 кг) қарсыласы мажарстандық Пал Ковач рингке шықпағандықтан, жеңіс Ерасылға берілді.

Даниял Сәбит (51 кг) мажарстандық Аттила Бернатқа басым дауыспен есе жі­берсе, тағы бір мажарстандық Габор Вир­бан (54 кг) Кенже Мұратұлын төрешілердің бірауыз шешімімен қапы қалдырды.

Сабыржан Аққалықов (71 кг) украиналық Юрий Захареевке басым дауыспен жол берді. Темірлан Мұқатаев та (86 кг) украиналық Данил Жасаннан жеңіліп қалды – 0:5.