Тағайындау • 22 Қаңтар, 2024

ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл қызметке Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды

Фото: baq.kz

«Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі. А. И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты, 200-ден аса жарияланымның, 4 монографияның авторы.

1983 жылы Ақылбек Күрішбаев Қазақ ауылшаруашылық институтын «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1977 жылы еңбек жолын Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бірлестігінде комбайнер болып бастаған.

1983 жылы В.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының лаборанты болған.

1984 жылы аспирантураға оқуға түскен.

1986 – 1997 жылдар аралығында В.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ төрағасы, аға ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

1997 – 2002 жылдары А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.

2002 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.

2006 жылы ҚР АШМ Ғылым департаментінің директоры болып тағайындалды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып қайта тағайындалған.

2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымын атқарған.

2011 – 2020 жылдары «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болған.

2020 жыл тамыз айы – 2022 жылы қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.

2022 жылы 1 қарашада «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалды.