Күрес • 23 Қаңтар, 2024

Франциядан – 3 медаль

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен өткен Henri Deglane (Анри Деглан) гран-при сайысында ел намысын қорғаған балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Франциядан – 3 медаль

ФОТО: kaz.inform.kz

Аталған жарыста еркін күрес шеберлері Әбдіманап Байкенжеев (92 кг) күміс алса, Рифат Сайботалов (70 кг) пен Ерхан Бек­сұлтанов (79 кг) қола жүлдегер атанды. Ай­та кетсек, күрес түрлерінен Азия чемпио­наты мен алдағы рейтингілік турнирлерге қа­тысатын балуандар ел біріншілігінде анықталады.

Қазір күрес түрлерінен ел құрамасы ен­шісінде 2024 жылғы Париж олимпиадасына екі жолдама бар. Оның біріне еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 кг) қол жеткізсе, тағы біреуі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 кг) еншісіне бұйырды.