Құрылыс • 22 Қаңтар, 2024

Сақалды құрылыстың сергелдеңі

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта құрылыс жұмыстарының сапасына тексеру тиянақты жүргізіліп жатыр. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Целиноград ауданындағы Родина ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын тексерген кезде біраз жайдың басы ашылды.

Сақалды құрылыстың сергелдеңі

Құрылыс жұмысын жүр­гізіп жатқан мердігермен 2 млрд теңгеден асатын қаржыға келі­сімшарт жасалған. Ең өкі­ніштісі, ғимараттың іргетасын салу кезінде қолданыстағы мем­лекеттік стандарттың бұ­зы­лу жайлары анықталып отыр. Құрылыс жұмысын жүр­гізіп жатқан «Риголит» серік­тестігіне қатысты орын ал­ған олқылықтар атап көрсе­тіліп, хаттама толтырылды. Кемшілікті жою туралы ұй­ғарым шығарылды. Целино­град аудандық сотының қаулы­сымен серіктестікке негізгі жобадан ауытқығаны үшін лицензиясынан айырусыз 1 932 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Осылайша, өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысы қатаң қадағаланып жатыр. Сақалды құрылыстарға бағытталатын қар­жы көлемі жыл сайын өзге­ріске ұшырап, құрылыс материалдары қымбаттап кетті де­ген желеумен түзетулер енгі­зіледі. Бұл дегеніңіз – бюджет үшін ауыр салмақ. Ен­дігі арада жауапкершілік күшей­тіліп, қазынаның әр тиыны тиімді жұмсалуы қатаң қадаға­ланатын болса, бұрынғы жайба­сарлықтан арылар едік.

 

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы