Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Алматыда тұрғын үйлер тексеріле ме?

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі салдарынан үйлер қирап немесе зақымданып қалса қала тұрғындарына қайда жүгінуге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда тұрғын үйлер тексеріле ме?

Фото: Zakon.kz

«Барлық тұрғын үй нысандары тексерістен өтеді. Тұрғындар бізге жедел желі арқылы (8 727 278 20 83; 8 727 278 20 84) ақпарат жібере алады. Біз бәрін тексереміз. Нақты қай уақытта тексеретінімізді айта алмаймын, мүмкін бүгін, ертең немесе арғы күні болуы мүмкін», деп жауап берді спикер брифингте.

Қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулері бірнеше минутқа созылды. Қала тұрғындары үйлерін асығыс тастап кетті.

Кейін Төтенше жағдайлар қызметі бұдан әрі күшті жерасты дүмпулері болжанбағанын хабарлады. Бұл туралы сейсмолог та айтты.

Сондай-ақ қаланың әр ауданында жедел жәрдем қабылдау пункттері ашылды. Таңертең жер сілкінісі салдарынан 44 адамның зардап шеккені белгілі болды.