Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті

Фото: gov.kz

Шетелдік делегация «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

в

Кеңейтілген форматтағы кездесуде тараптар қорғаныс ведомстволары қызметіндегі өзара мүдделі перспективалық бағыттарды талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения Қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

д

 – Сіздерді қазақ жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл сапар Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беріп, екі елдің ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді деп ойлаймын, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Армения қорғаныс ведомствосының делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Сапар бағдарламасына сәйкес меймандар Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде болып, оқу-материалдық базасымен танысады.