Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024

«Кибер-шериф» кешенді құрылғысы

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының полиция қызметкерлері жаңа 28 көлікке ие болды. Тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын бақылайтын сақшылар 4 әуе дроны, 8 «Оракул-Инсайт» мобильді-тасымалау және «Трафик-Сканер» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысымен қамтылды.

«Кибер-шериф» кешенді құрылғысы

ФОТО: el.kz

Облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 28 көлік «Кибер-шериф» құрылғысымен жабдықталған. Полицейлерге арналған көлікке орнатылған жаңа жүйенің бірнеше артықшылығы бар.

«Біріншіден, жол ережесін бұзып, қауіп төндіретін жүргізушілерді анықтауға, оларды автоматты түрде жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Екіншіден, құрылғының бейнекамерасы 360 градустағы көріністі бақылап, бір мезгілде 50 автокөлікті қадағалай алады. Үшіншіден, жылдамдықты шектен тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмір тағу, ұрланған немесе борышкерлер жүргізген көлікті автоматты түрде анықтайды. Ең бастысы, құқық бұзушылық деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты түрде базаға түседі. Ал электронды хаттама туралы қаулы 1 апта ішінде көлік иелерінің мекенжайларына жолданады», дейді Н.Оразбаев.

Оның айтуына қара­ғанда, «Кибер-шериф» борттық аппараттық кешені бар көліктер Атырау қаласындағы, республикалық маңызы бар және «Атырау – Индер», «Сағыз – Миялы», «Құлсары – Теңіз» бағытындағы жолдарды бақылайтын арнайы патрульдік қызметкерлерге берілді. Тәртіп сақшылары жаңа көліктегі құ­рыл­ғыны 1 ақпанға дейін сынақтан өткізеді. 

 

Атырау облысы