Пікір • 23 Қаңтар, 2024

Отбасы құндылығын арттыру қажет

171 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің геосаяси ұстанымы, ішкі экономикалық-әлеуметтік әлеуеті, Қаңтар қасіреті, қос билік секілді жайтқа ашық әрі тұшымды жауап беріліпті.

Отбасы құндылығын арттыру қажет

ФОТО: aikyn.kz

Толғандырған тақырыптың бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі. Президент отбасындағы және басқа да түрлі зорлық-зом­бы­лық әрекетке қатысы келелі ой, кесімді сөз қозғады. Біз бұған дейін Парламентте де көтерген бұл мәселе расында қоғамда өте өзекті болып тұр.

Өкінішке қарай, қоғамда тұр­мыстық зорлық-зомбылыққа қатыс­ты резонанс тудырған оқи­ға­лар да аз емес. Бұл заңда жетілдіретін нәрсенің әлі деп көп екенін көрсетеді. Заң жоқ емес, бар. Қазіргі қолданыстағы заңның орындалуын күшейтсек, көп нәрсе оңалары сөзсіз. Ішкі істер органдарында жұмыс істейтін азаматтармен сөйлескенімізде, бір жайтты аңғартып еді. «Біздің қоғамда қылмыстың саны бұрынғыдан көбейіп кеткен жоқ, тек сол туралы ақпарат көбейіп кетті», дейді олар. Қазір мұндай жағымсыз ақпараттың көптігі де елімізде жаппай сондай жағдай болып жатқандай әсер қалдыратыны да бар. Алайда жоққа шығара алмаймыз, бары рас. Бірақ бұрынғыдай емес, бақылау күшейді. Қазір барлық жерде бейнебақылау орнатылған. Мектептер де түгел бақылауда. Осыған сай бұрынғыдан гөрі зорлық-зомбылық айтарлықтай азайып кеткен жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, заң талаптарын күшейту керек. Бұған қоса отбасы құндылығын арттыру қажет. «Отан от басынан басталады», бұл бекер айтылған сөз емес. Мұның бәрі – бір-бірімен астасқан ұғым. Бірінші – заң, екінші сана өзгеруге тиіс.

Парламентте бұған қатысты заң қаралып, жетілдіріліп жатыр. Кейде қоғам бір жаңа заң қабылданса енді бәрі сап тыйыла қалады деп қабылдайды. Қоғамда білгілі бір тәртіп пен талап қалыптасқанша уақыт керек. Ал заңдағы кейбір олқы тұстар да уақыт өте келе көрінеді. Бұл ретте жауапкершілік заң қызметкерлеріне түседі. Әрбір учаскелік инспектордың да шаш ал десе бас алмай, әр істі заңды тұрғыда жүзеге асыруы үлкен рөл атқарады. Заң талаптарын біз естияр балалардан бастап насихаттап, санасына сіңіруіміз керек. Мұны гуманистік құндылықтарды ескере отырып, ұлттық менталитетке, ел-жер жағ­дайына сай дамытуымыз қажет. Қоғам­ға қажетті идеология ұлттық отбасы құндылықтары айналасынан басталуға тиіс. Президенттің сұхбатта айтқан тұжырымды ойлары да осыған саяды.

 

Жарқынбек АМАНТАЙ,

Мәжіліс депутаты