Үкімет • 24 Қаңтар, 2024

Гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина БҰҰ Даму бағ­дарламасының Еуропа және ТМД жөніндегі Аймақтық бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары және директордың орынбасары Ник Хартманмен кездесті.

Гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі

Төраға орынбасары еліміздің әйел­дер құқықтарын қорғау және гендерлік тең­дік мәселелерін ілгерілету саласын­да айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Гендерлік сая­саттың ұлттық үлгісі, құқықтық база және адам құқықтарын қорғау тетігі жасалды.

«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған әлеуметтік жаңғыртудағы не­гізгі бағыттардың бірі – елімізде ген­дерлік тепе-теңдікке қол жеткізу, әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қаты­суы­на тең мүмкіндіктер жасау. Сай­лау­дағы партия тізімдеріне, сондай-ақ депу­таттық мандаттарды бөлу кезінде әйел­дерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға заңнамалық деңгейде 30% квота енгізілді. Бүгінгі таңда елі­міздің жо­ғары өкілді органы – Қазақ­стан Пар­ламентінде 31 әйел бар, ол жал­пы депутаттар санының 21%-ын құ­рай­ды. Оның ішінде Сенаттың 24%-ы, Мә­жілістің 19%-ы әйелдер», деді Ольга Перепечина.

Кездесуге қатысушылар адам әлеуетін дамыту мен теңдей қатысу, тиімді институттар, адам құ­қықтары мен гендерлік теңдік, сондай-ақ инклю­зивті экономикалық өсу мен экологиялық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Ольга Перепечина тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның отырыстары туралы айтып берді. Онда денсаулық сақтау мен білім берудің сапасын көтеру және экологияны қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Ник Хартманн өз кезегінде Қазақ­станда жүргізіліп жатқан қоғам­дық-саяси өзгерістерді жоғары баға­лап,  барлық бағыттағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге назар аударды.