Саясат • 24 Қаңтар, 2024

Мәжілістің бір депутатының өкілеттігі тоқтайтын болды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататын болды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің бір депутатының өкілеттігі тоқтайтын болды

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, депутат мандатын тапсыру бойынша өтінішті өзі берген.

Қазіргі таңда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

37 жастағы Динара Шүкіжанова Қостанай облысының тумасы. 2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып, 2022 жылы аталған компанияның президенті болып тағайындалған. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады. "Қазақстанның 100 жаңа есімі "республикалық байқауының жеңімпазы.

Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Respublica партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Динара Шүкіжанова партияда қала береді.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32