Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Отбасылық құндылықты нығайту міндеті тұр – министр

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия  былтыр  атқарылған жұмысты қорытындылап, 2024 жылға арналған мақсат-міндет айқындалды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Отбасылық құндылықты нығайту міндеті тұр – министр

Фото: aqparatqogam

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Мемлекет басшысы қол қойған Жарлыққа сәйкес комиссия мүшелерін ротациялау жүргізілгенін айтты.

«2023 жыл комиссия қызметі үшін табысты, нәтижелі болды. Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарға сәйкес ұлттық комиссияның өткен жылғы қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге баса мән беріп, билік пен азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңына айналды»,   деді А.Балаева.

«Мемлекет басшысы айтқан басымдықтарды ескере отырып, ұлттық комиссия отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Сөз соңында Аида Балаева Ұлттық комиссия жұмысының алдағы күн тәртібін белгіледі. Министр биылға арналған бірқатар негізгі басымдық құқықтық мәдениетті және заң бұзушыларға қарсы көзқарасты қалыптастыру, түрлі мақсатты топтармен қоғамдық талқылауды дамыту, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттерді атады», делінген ақпаратта.