Қоғам • 24 Қаңтар, 2024

Қазақстанда жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді елімізде жаңа туған нәрестелер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады

Фото: ru.freepik.com

Депутат Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

«Жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр», деді Смышляева.