Білім • 24 Қаңтар, 2024

Жеңімпаз оқушылар

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жа­ра­тылыстану-математика бағытындағы пәндер бойын­ша рес­публикалық олимпиада өтті. Сол білім додасында қар­қа­ра­лық 11-сынып оқушысы Айдана Төлеген жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз оқушылар

Тұңғыш рет өткізілген білім сайы­­сын Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылы­ми-практикалық орталығы ұйым­дастырды. 9-11 сынып оқу­шы­ларының білімі сынға түс­кен байқауға ауылдардан 1088 үздік оқушы қатысты. Аймақ­тық кезеңнен үздік шық­қан оқу­шыларды республикалық олим­­­пиа­да­ға «Сарыарқа дарыны» қосым­ша білім беру ғылыми-практикалық орта­лы­­ғының әдіскері Әсел Рамазанқызы бас­тап­ барды.

Республикалық бәйгеде Қарқа­р­а­лы ауда­ны Бесоба ауылы №8 тірек мектебінің (ресурстық орта­лық) 11-сынып оқушысы Айдана Төле­ген география пәні бойынша үздік шы­ғып, бірінші орынды иеленді. Қазы­ларды озық білімімен тәнті еткен ол бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұған қоса, Семейдегі Шәкәрім университетінің білім грантына ие болды.

Айдана – алғыр оқушы. «Дауыс» дебат клубының үздік спикері, аудандық пән олимпиадаларының, оқушылардың облыс­тық ғылыми-практикалық конфе­рен­ция­сының жүлдегері. Мектебінің мақтанышы. Оның осындай жетіс­­тікке жетуіне әкесі әрі жетекшісі, Бесоба мектебіндегі география пәнінің мұға­лімі Мақсат Рысбаевтың сіңірген еңбе­гін де атап өткеніміз жөн. Мақсат Төле­ген­ұлы да – үздік ұстаздардың бірі. Ұстаздық жолда үлкен жетістіктерге жеткен.

Зерек шәкірт келешекте ІТ сала­сының маманы болғысы келеді. Қазірдің өзінде грант иегері атанған алғыр оқушының арманы орындалады деген сеніміміз бар.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы,

Бесоба ауылы 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:00