Қоғам • 25 Қаңтар, 2024

Адам жоғалу дерегі қай қалада көп тіркелетіні анықталды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz  ведомствоның мәліметіне сүйеніп.

Адам жоғалу дерегі қай қалада көп тіркелетіні анықталды

egemen.kz

Олардың ішінде 2 098 адам  хабар-ошарсыз кеткендердің санатында. Жоғалған адамдардың саны Алматы қаласында басым - 278. Одан кейін  Қарағанды облысы - 217; Павлодар облысы - 170; Алматы облысында 152 адам жоғалғандар тізімінде тұр.   

«Үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73 , жұмыстан хабар-ошарсыз кеткендердің саны - 38. Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). Сондай-ақ тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ішінде  алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша іздеу жарияланған», деп жазылған ақпаратта.

Қазақстанда іздестіру жұмыстарын ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқарады.