Еңбек • 25 Қаңтар, 2024

Шағын наубайхана шарапаты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талды ауылында ша­ғын нау­байхана жұ­мысын бастады. Ен­ді ауыл тұрғын­да­ры қаладағы дүкен сөре­лерінен нан өнімдерін тасып әуре болмайды.

Шағын наубайхана шарапаты

Кәсіп иесі – Еркеш Тү­сіп­қызы. Наубайхананың ашы­лу рәсіміне Талды се­ло­лық округінің әкімі Нұр­лан Аманұлы қатысып, кә­сіпкер­дің бастаған ісіне табыс тіледі.

– Бүгінге дейін ауыл­дағылар нанды қаладан таситын. Үстеме бағасы да қымбаттау. Сондықтан осыдан екі ай бұрын Талды, Бере­кет, Байбала, Ақбауыр мен Ақ­шоқы, Аққияқ ауыл­дарына ор­тақ наубайхана ашуды жоспар­лаған едік. Кәсіп­кер Еркеш Түсіп­қы­зына осы істі тапсырып, қолдан келер барлық көмегімізді бердік. Қарағандыдағы «Ай­сара» диірмені мен ауыл әкім­дігінің келісімі бо­йынша арзан ұн алып тұру келісілді. Демеушілік жасап отырған диір­мен басшысы Бидәулет Балтабаев мыр­заға мың рахмет, – деді
Н.Аманұлы.

Қазіргі уақытта наубайхана­да сұрыпты ұннан күніне 150-200 бөлке нан пісіріледі. Алдағы уақытта екінші пеш­ті іске қосып, нан көлемін тәулігіне 400-ге жет­кізуді жос­парлап отыр. Бұ­дан бөлек, басқа да нан-тоқаш өнімдерін сату жоспарында бар. Жергі­лікті кәсіпкер жұрттың күн­де­лікті сұранысын орындауды о бастан мақсат еткен. Шағын ғана наубайхана пісірілетін ас атасы ауыл жұртының көңілі­нен шығып тұр.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы