Әділет министрі Р.Түсіпбековтің төрағалық етуімен комитеттер, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы болып өтті.
Онда...
“Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты” мемлекеттік мекемесінің қызметі және Дүниежүзілік экономикалық банктің “Дуинг Бизнес” және Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінің рейтингтеріндегі позицияны жақсарту жөніндегі жұмыс барысы қаралды.
Әділет министрі Р.Түсіпбеков институттың құрылғанына жарты жылдан аз уақыт өткенімен, олардың өз қызметін жетілдіру бойынша нақты жұмыс атқарғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, өткен жылы да, қазіргі уақытта да бизнесті жүргізу кезінде әкімшілік кедергілерді жеңілдету бойынша едәуір жұмыс жүргізілгені айтылды.
Сол сияқты халықаралық рейтингтегі позицияны жақсарту мақсатында министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру және халықаралық ұйымдар өкілдерімен, жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің әлеуетті респонденттерімен өзара байланысты жандандыру жөнінде тапсырма берілді, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.