Фото: yvision.kz
«Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған аталған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-не тиесілі. Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды. Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттардың қолданылуының шарттық міндеттемелерін одан әрі бұза отырып тоқтатылды», делінген ақпаратта.
Жетісу облысының прокуратурасы су қорының жерін мемлекетке қайтару шарасын қолға алды.